ЖАҢА БІЛІМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!
30 қазан күні мектебіміздің оқушылары Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне танымдық экскурсия жасады.
Экскурсия барысында оқушылар Лу Бань шеберханасын, су шаруашылығы және ақпараттық технологиялар орталықтарын, сондай-ақ университет мұражайын аралады. Заманауи технологиялармен, ғылыми жаңалықтармен және болашақ мамандықтардың мүмкіндіктерімен танысты.
Бұл сапар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, болашақ мамандықтарын таңдауға қызығушылықтарын арттырды.
НОВЫЕ ЗНАНИЯ – ПУТЬ К УСПЕШНОМУ БУДУЩЕМУ!
30 октября учащиеся нашей школы посетили Восточно-Казахстанский технический университет имени Д. Серикбаева в городе Усть-Каменогорске.
В ходе экскурсии ребята побывали в мастерской Лу Баня, центрах водного хозяйства и информационных технологий, а также посетили музей университета. Познакомились с современными технологиями, научными разработками и перспективными профессиями.
Экскурсия подарила школьникам новые знания, яркие впечатления и помогла по-новому взглянуть на выбор будущей профессии.

